Түркістанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

241
01.06.2022 05:18

Түркістан қаласында саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай арнайы іс-шара өтті. Шара барысында қала әкімі мен тарихшылар Сұлтанбек Қожанов ескерткішіне гүлшоқтарын қойды. Сондай-ақ алаш арыстары туралы арнайы қойылым сахыналанды. Спекктакльдің басты мақсаты кейінгі ұрпаққа қайраткерлердің еңбегін дәріптеу дейді актерлер. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы облыстық жастар ресурстық орталығында Қуғын-сүргін жылдарындағы қазақ педагоктерінің тарихи рөлі атты дөңгелек үстел өтті. Шараның алғашқы шымылдығы алаш қайраткерлерін еске алудан басталды. Сондай-ақ жиын барысында Ахмет ұлт ұстазы атты сахналық қойылым мен әдеби-поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Мақсат–болашақта саяси-сауатты, патриотты ұрпақ тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.