Қыздар арасында баскетболдан өткен сайыста "Тұран" командасы жеңіске жетті

256
31.05.2022 04:35

Түркістанда баскетболдан қыздар арасында республикалық ХХХ чемпионатының шешуші кезеңі өтті. Оған еліміздің ең үздік 4 командасы қатысты. Облысымыздың намысын қорғаған «Тұран» командасы керемет шеберлік көрсетіп, ел чемпионы атанды. Тартыста арулар Ақмола облысының «Оқжетпес» командасымен 4 рет кездесіп, 3:1 есесбімен жеңіске жетті. Шешуші сында қарсыластарынан 54:49 есебімен басым түсті. Чемпион командамен күміс жүлдеге ие болған «Оқжетпес» командасын және үздік ойыншыларды спорт саласының басшылары арнайы марапаттады.