Түркістанда туристік-экологиялық слет өтті

594
31.05.2022 04:31

Түркістан қаласында алғаш рет  «жасыл сақшы» балалар және жасөспірімдер ұйымының туристік-экологиялық слеті өтті. Шара Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «облыстық жас туристер станциясы» ұйымдастыруымен жүзеге асты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, слеттің мақсаты-экологияның маңыздылығын түсіндіріп, оқушыларды табиғатта аялауға баулу. Айта кетерлігі, облысымыз бойынша 6500 ге жуық ерікті бар. Өз кезегінде шараға қатысушы оқушылардың белсенділігі де жоғары. 100 ге жуық жасқа куәлік тапсырылды.