Бүгін, Түркістанда 1-маусым балаларды қорғау күніне орай 100 мүгедектігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Өмірге ынтық жасөспірімдер мен бүлдіршіндер қала әкімінің қолынынан сыйлық алып мәз-мейрам болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шара әр мереке күндері қайталанып тұратын көрінеді. Айта кетейік Түркістан қаласының өзінде 1300-ге ерекше қажеттіліктері бар балалар бар. Олардың барлығы мемлекет қамқорлығына алған. Сондай-ақ үйден оқытуды қажет ететін 300 дей бүлдіршінге ай сайын қалалық бюджеттен 3613 теңге төленеді екен.
️