Түркістан облысында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Тұран Бала фест» он күндігі өтіп жатыр. Аталмыш шара шеңберінде Түркістан қаласында «Тұлпар мініп ту алған» атты өнер фестивалінің қорытынды гала концерті өтті. 17 ауданнан келген 500 ге жуық дарынды жас өз өнерлерін ортаға салды. Аталмыш шара Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «облыстық қосымша білім беруді дамыту» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Фестивальде білім ошақтары ұлттық бұйымдар, қолөнер туындылары мен қатар композициялық жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, көрермен ықыласына бөленді. Айта кетсек, өнер додасына 20 мыңға жуық жас қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты- ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, жас таланттарды анықтау.
️