«Конституцияны өзгертуден қорқудың қажеті жоқ». Бұл Түркістан облысы жастарымен референдумды талқылауға арналған жиында депутат Дархан Мыңбайдың айтқан сөзі. Ел қалаулысының пікірінше жаңа конституция мемлекеттің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына жаңа серпін бермек. Аманат партиясының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған талқылау алаңында республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, мемлекеттік тіл мәртебесі сөз болды. Ал қоғам қайраткері Қуаныш Айтахановтың айтуынша, конституцияға өзгерістер енген соң басқа да салалық заң жобаларын өзгертуге жол ашылады.
️