Пробация есебіндегі адамдарды есепке тұрғызу мәселесі талқыланды

367
31.05.2022 04:19

Жазасын өтеп келгендерді қоғамға қайта бейімдеуде шешімін таппаған мәселе көп. Соның ең өзектісі – оларды жұмыспен қамту. Түркістан облысында 1755 адам пробация есебінде тұр. Ал оларды жұмысқа орналастыру үшін биыл 247 квота бөлінген. Бүгінде 108 адам жұмысқа орналастырылыпты. Бұл туралы прократура ғимаратында өткен алқа мәжілісінде айтылды. Ал Шымкент қаласында абақтыдан шыққандар саны 1500. Мегаполисте биыл 54 адамға жұмыс қарастырылған.