Түркістанда "Есірткісіз болашақ" акциясы өтті

862
28.05.2022 06:46

Түркістан облысында 364 адам наркологиялық есепке алынған. Оның көбі 45-49 жас аралығындағы ер азаматтар. Тізімге ілінгендердің арасында әйелдер мен жасөспірімдер жоқ. Бұл туралы полиция департаменті ұйымдастырған  «Есірткісіз болашақ» атты  жиында айтылды. Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген шара алдымен дене қыздыру жаттығуынан басталып, вело марафонға ұласты.  Енді  26-шы маусымға дейін облыстың әр аумағында осы бағыттағы жобалар жалғасын табады.