Журналистер арасындағы спартакиадада Turkistan телеарнасы топ жарды

618
28.05.2022 06:42

Түркістан телеарнасы БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада топ жарды. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына және «Бұқаралық ақпарат құралдары күніне» орай ұйымдастырылған.Осы жылы ғана ойын түрінің қатарына кірген қазақ күресінен 90 кг салмақта Айдос Игіліков қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Сондай-ақ, аса ауыр салмақта сайысқа түскен Бағлан Нұржанов жеңіске бір табан жақындап, 2-орын иеленді. 74 кг салмақта бақ сынаған Ердәулет Даханов 1-орынды иеленді. Дәл осы салмақта күш сынасқан Бақдаулет Ерланұлы қоланы қанағат тұтты.Ерлер арасында болған шахматтан Ғасыр Құралбайұлы 3-орынды иеленді. Мұнымен қоса, Сұлтанбек Құдайберген ерлер теннисінен 3-орынға жайғасты. Керемет ойын үлгісін көрсеткен тележүргізуші Рысгүл Досжанова  әйелдер арасындағы теннистен 1-орынды иеленді.Осылайша, тартысқа толы спартакиада «Turkistan» телеарнасының қоржынын толтырды. Жүлделі орын алғандарға марапат қағаздары және медаль, ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал 17-18 маусым күндері шағын футбол, волейбол және арқан тартумен жалғасады.