Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты 83 елді мекеннің 50-уі көгілдір отынмен қамтылған. Бұл туралы өңірлік-коммуникация қызметі алаңында аудан әкімі Ақментай Есбаев айтты. Жалпы алғанда ауданның газбен қамтылу көрсеткіші 70 пайызға жуықтаған, яғни 145 мың тұрғыны бар Келесте көгілдір отын 116 мың адамға қолжетімді. Өткен жылы облыстық бюджеттен ауданның газ өткізу жұмыстарына 811 млн теңге бөлініп, тағы 9 елді мекен газбен қамтылған. Алайда 27 ауыл әлі де табиғи газға қол жеткізе алмай отыр.
️