Түркістанда 91 тобының концерті өтпейді. Керуен сарай кешенінің ауқымды кешті ұйымдастырудан бас тартуына қоғам белсенділерінің қарсылығы себеп болыпты. Сондай-ақ жақында ғана мемлекеттік көк туды қорлап, сахнада былапыт сөз айтқан Шизаның да концерті болмауы мүмкін. Жаңа Қазақстанды мұндай жастармен құра алмаймыз деген қоғам белсенділері Мәдениет министрлігіне дейін хат жолдапты. Ал 25 мамырда Алматыда өткен Ирина Кайратовна мен Shizа атты әншінің концерті шумен аяқталды. Топ мүшелері Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиев сахнада былапыт сөз айтқан. Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын тыңдармандарға лақтырып жіберген. Артынша Ирина Кайратовна тобының солисі Азамат Маркленов инстаграм парақшасында халықтан ерсі әрекеттері үшін кешірім сұрады. «Көк туды қорлады» деген Shizа атты әншінің Түркістандағы концерті 4 маусымға жоспарланған еді. Оның болып болмауы белгісіз . Белгілісі, референдум мен «Мемлекеттік Рәміздер күні» өтпей халық та мұндай концерттердің болуын қаламайды.
️