Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Процесс Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа аудандық №2 сотында өтті. Бұдан бөлек экс министрдің орынбасары Олжас Әбішовке қатысты да сот қайта жүргізілуде. 11 мамырда өткен алдын ала тыңдауда Біртановтың адвокаттары заңбұзушылықтар жойылмағанын мәлімдеді. Алайда сот істі қайта қайтаруға негіз жоқ деп өндіріске қабылдаған. Айта кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу материалы бойынша, Елжан Біртанов пен орынбасары Олжас Әбішевке «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңгенің шығыны келтіргені туралы айып тағылып отыр.
️