Атырау облысында 8 сынып оқушысы соққыға жығылды

196
27.05.2022 05:46

Атырау облысында 14 жасар баланы жоғарғы сынып оқушылары аяусыз соққыға жыққан. Оқиға Исатай ауданына қарасты Исатай ауылында 20 мамыр күні түстен кейін болған. Жасөспірімнің анасы Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша, бала футбол ойнауға кетіп осындай күйде оралыпты. Жеткіншектің белі мен кеуде тұсу жарақат алған. Сонымен қатар оң иығынада қатты соққы тиіп көгерген.  Анасы ұлының мүшкіл халін көріп дереу полиция қызметкерлеріне арыз жазыпты. Белгілі болғандай баланы 9 жасөспірім жабылып тепкілеген. Оның екеуі 9-сынып оқушысы болса, қалғандары өз сыныптастары. Бүгінгі таңда бұзақы балаларға "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған.