Кәсіпкерлерден 126 млн теңгенің мүлкі заңсыз тәркіленген

351
26.05.2022 05:04

Кәсіпкерлікке қатысты қозғалған істер қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасының қызметкерлері хабарлады. Қадағалауды күшейтуге Ел Президентінің бизнес нысандарына қатысты ешқандай рейдерлік әрекет болмауы қажет деген тапсырмасы түрткі болған. Жалпы жыл басынан бері мобильді топтарға кәсіпкерлерден 48 шағым түскен. Нәтижесінде 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген тексерістің 18-і заңсыз екені анықталған. Сондай-ақ, соммасы 100 млн. теңгеден асатын 5 мыңға жуық әкімшілік айыппұл қысқартылыпты.