Назарбаев мектебінің мыңнан астам оқушысы бір мезетте домбыра тартты

409
26.05.2022 05:01

Елордада 1032 оқушы домбыра шертті. Олар  Назарбаев Зияткерлік Мектебінің шәкірттері. Сабақта оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес» және «Жастар биі» күйлерін орындады. Балалар бұл шараға осы оқу жылының  басынан дайындалған. Бұл сабақты Гиннесс рекордтар кітабына енгізу көзделуде. Рекорд «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркелді. Бұл арқылы ұйымдастырушылар  өзіміздің өнерімізді, танымал күйлерімізді әлемге танытқысы келеді екен.