Мәжілісмендер Түлкібас ауданында референдумды насихаттады

272
26.05.2022 04:58

Конституциялық реформаны халыққа түсіндіру  — маңызды миссия. Өйткені, ол арқылы елдің болашағы таразыланады. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы жанынан құрылған штаб мүшелері түлкібастық кәсіпкерлермен кездесті. Парламенті Мәжілісінің депутаттары Конституцияның 33 бабына енетін өзгерістер мен толықтырулардың мәнін ұғындырды. Халықпен кездесу барысында көптеген мәселелер көтерілді. Соның ішінде әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі қызу талқыланды. Бұдан бөлек жайылым жер тапшылығы, өнеркәсіп орындарын ашу, субсидия алу, агро банк құру төңірегінде ұсыныстар айтылды. Бұл референдум шын мәнінде әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты екенін жеткізді.