Түркістан облысында журналистер арасында спартакиада өтеді

306
25.05.2022 04:37

Жыл сайын өтетін журналистер спартакиадасына биыл өзгеріс енбек. Бұл жолы БАҚ өкілдері қазақ күресінен белдесетін болады. Шараны Журналистер одағы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы- мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырып отыр. Ашылу салтанаты 27 мамырда «Түркістан-Аренада» өтеді. Журналистер арқан тартудан, үстел теннисі, бильярд, күрес, футбол мен волейболдан өзара сынға түседі.