Өзбекстанда полицейлер қазақстандық туристерге электрошокер қолданды

583
25.05.2022 04:26

Өзбекстанда жергілікті полицейлердің қазақстандық туристерге электрошокер қолдануына байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі нота жолдады. Ведомстваның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Өзбекстан қоғамының өзі бұл жағдайды айыптап отыр. Еске салсақ мамырдың 20-нан 21-не қараған түні Самарқандта тәртіп сақшылары Қазақстаннан келген туристерді ұстап, электрошокермен сес көрсеткен.  Өзбекстанның ішкі істер министрлігі бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, айыптыларды жұмыстан шеттеткенін хабарлады.