Түркістан
EN

Бір күнде өзіне қол салмақ болған екі адам құтқарылды

374
24.05.2022 11:27

Полицейлер өз-өзіне қол салмақ болғанды құтқарып қалды. Алғашқы оқиға Қостанай облысының Лисаковск қаласында болған. Онда әйелімен ренжісіп қалған ер азамат 9 қабаттан секіруге оқталған.  Бұл туралы хабарлама полиция бөліміне 22 мамыр күні 16:00 шамасында түсіпті. Құзырлы орган өкілдерінің шұғыл әрекетінің арқасында 30 жастағы азамат аман қалды.  Ал, Шымкенттік полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды. Оқиға бейнежетонға жазылып қалған. Сондай-ақ, жедел басқару орталығының бейнекамераларынан да оның бірнеше рет көліктің астына түсіп, өлуге талпынғаны анық көрінеді. Абырой болғанда сол маңда жүрген полицейлер азаматты аман алып қалды.  

️