Алматыда белгілі спорт журналисі, Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында алғашқы республикалық турнир өтті. Доп додасына еліміздің сегіз өңірінен 16 команда қатысты. Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанатында жақында ғана баспадан шыққан «Жеңісті күндерде жүздескенше» жинағының тұсауы кесілді. Жарысқа журналистерден құралған бас аяғы 16 команда қатысты. Республикалық турнирге «Түркістан» телеарнасы да өз құрамасын қосты. Бір жастан енді асқан жас команда тартысты ойын көрсетіп, көптің көзіне түсті. Жарысқа Амангелді Сейітхановтың өзі құрған команда да бар. Сайыс соңында Жетісу облысынан келген «Қарекет» құрамасы қара үзіп шығып, жеңімпаз атанды. КТК телеарнасының жігіттері екінші орынды, ал Экспресс К-ның тілшілері үшінші орыннан көрінді. Еске сала кетейік, Амангелді Сейітханов жайында «Арда туған Амангелді» деректі фильмі және «Алаштың Амангелдісі» деген атпен бейнебаян жарық көрді. Ал Сейітханов атындағы бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы шағын футбол жарысын ұйымдастырушылар келесі жылы оны халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.
️