Алимент төлемеген азаматтың көлігін полицейлер тартып алды

285
24.05.2022 05:34

Алматыда алимент төлемей жүрген ер адам көлігінен айырылды.  Ол балаларына 1 млн теңгеден астам берешек. Қарызы үшін іздеуде жүрген әке Тілендиев көшесімен мен Рысқұлов даңғылы қиылысында ұсталды. Chevrolet көлігін полицейлер тоқтатқан кезде ол құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Алайда қарсылығына қарамастан, көлік мөрленіп, айып тұрағына жеткізілді.  Енді балаларына берешегін толық өтегенше  "темір тұлпары" осында алаңсыз "қаңтарылып" тұрады.