Түркістандық полицейлер кеурек дәрілік шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23-шетелдікті анықтады. Оқиға Арыс ауданында болған. Емдік қасиеті өте жоғары шөптің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары рейд кезінде қолға түсіпті. Олар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен жауапқа тартылып, ел аумағынан шығарылды. Ал жұмыс берушіге «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
️