Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті кездесу өткізді

551
20.05.2022 05:20

Референдумның мән-маңызын халыққа түсіндіру үшін Түркістанға келгендердің бірі- Мәжіліс депутаты, «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» президенті Берік Әбдіғалиұлы. Қазақ-Түрік универсиетінде өткен кездесуге жастар, қоғам белсенділерімен университет басшылығы қатысты. Жиында алдағы уақытта өтетін жалпыхалықтық іс-шараның мәні мен маңызы, оның мақсаты сараланды. Сонымен қатар, тіл мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Берік Әбдіғалиұлы Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан астам уақыт өтсе де мемлекеттік тілдің мәселесі әлі де күрделі. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қолдау болғанымен кемшіліктер бар деді. Сондай-ақ отырыс соңында университет пен Халықаралық қазақ тілі қоғамының арасындағы меморандумға қол қойылды.