Түркістан
EN

Қазақстанда темекі 350 теңгеге қымбаттайды

325
20.05.2022 10:59

Елде темекі 350 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қаржы министрлігі табак өнімдерінің тарифін шамамен 16 мың теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Алкогольге салынатын акциз де өседі. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, елімізде бұл өнім түрінің тарифі жоғары. Дегенмен, жаңа келісім дайындалып жатыр. Осылайша 2025 жылға қарай Қазақстандағы акциз мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен теңеседі. Бұдан бөлек Үкіметте құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу мәселесі де талқыланып жатыр.

️