Қазақстанда “тіреуі бар” деген көзқарас пен рейдерлік болмауы тиіс. Ақордада бизнес өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент құқық қорғау органдары тарапынан рейдерлік немесе негізсіз қысым жасаудың әрбір анықталған фактісі бас прокурордың жеке бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы 2019 жылы мен өз Жолдауында «Бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс» деп айтқанын еске салды. Айта кетейік, президенттің отандық кәсіпкерлермен кездесуінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу мәселелері қаралды.
️