Семей машина жасау зауыты басшысының орынбасары 7 жылға сотталды. Ол мемлекеттік тапсырыстарды орындау кезінде 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталған. Лауазымды тұлға әскери техника үшін жаңа қозғалтқыштардың орнына ескілерін жеткізіп отырған. Ол үшін ескі бөлшектерге жаңа сериялық нөмір басқан. Сондай-ақ тергеу кезінде 2018 жылдан бері Қорғаныс министрлігінің тапсырысын орындау кезінде материалдардың құны 2-3 есе көтерілгені белгілі болды.
️