Батыс Қазақстанда бүлдіршіннің үстіне теледидар құлап кетті

300
20.05.2022 05:06

Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз бала есін жиды. Облыстық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілген қыз қазір жансақтау бөлімінен анасының қасына көшірілген. Алайда баланың жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақты. Дәрігерлер әзірге операция жасаудың қажеті жоқ деп отыр. Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы аудандық ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлап кетіп, 2 жасар қыз басы жарақаттанып, маңдай-шеке сүйегі сынған еді.