9 мемлекеттің ҰҚК төрағалары Түркістанда бас қосты

344
19.05.2022 05:58

Берік қалқандары Түркістанда бас қосты. Бүгін Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 84-отырысы өтті. Алқалы жиынға елімізден бөлек, 8 мемлекеттің  шекаралық ведомство делегациясы қатысты. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Ермек Сағымбаев та бой көрсетті. Делегаттар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғауды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жайы сөз болды. Сондай-ақ, бірлескен арнайы шекаралық операцияларға қорытынды жасалды. Отырыс соңында  шекара ведомстволарының басшылары 11 шешімге қол қойды. Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің кезекті отырысы Тәжікстан Республикасының аумағында 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өтпек. Ал рухани шаһарға келген сыйлы қонақтар бас қосудың Қазақстан тарапынан ұйымдастырып, оның ішінде Түркістанда өтуіне ерекше мән берген.