Түркістан
EN

Байырқұм ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

12
27.10.2026

Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген. Енді екі мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен жастары спорттың бірнеше түрімен кәсіби деңгейде шұғылдана алады.

Байырқұм ауылында осы уақытқа дейін жастарға арналған мұндай әмбебап спорт ғимараты болмаған. Ауыл жастарының талабын ескерген бастама «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы мемлекеттік қолдауға ие болды. Былтыр көктемде басталған құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде сапалы аяқталып, мереке қарсаңында ел игілігіне тапсырылды.