Биыл елімізде қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеп, камералар мен полицияның күшімен мыңдаған заңбұзушылықтың жолы кесілді. Мектептерге 8 мың полиция қызметкері бекітіліп, жасөспірімдер қылмысы 9 пайызға азайды. Сонымен қатар кибер-алаяқтардың 1,5 миллионнан астам қоңыраулары бұғатталып, 4 есірткі зертханасы жойылды. Мас күйде жасалатын қылмыстар да қатаң сынға алынып, заңсыз алкоголь шығарған 10 цех жабылды. Үкімет басшысы ішімдік сату ережесін бұзатындарға жауапкершілікті қатаңдатуды және бейімдеу орталықтарын көбейтуді тапсырды.