Түркістанда «Тайқазан» гастрономиялық фестивальі өтті. Шараның басты мақсаты – ұлттық тағамдар мен аймақтың бренд өнімдерін дәріптеу. Фесивальге биыл қанша қатысушы келді? Әдеттегіден қандай ерекшелігі болды? Келесі сюжетке зер салайық.
Фестивальде өз өнімін ұсынғандардың бірі кондитер Айжамал Жаңбыршина. Ол бұл шараға жылдағы әдетінше үлкен дайындықпен келген. Өз қолымен әзірлеген нандар бір үстелге жайыпты. Түркістанның бет-бейнесі саналатын өнімдер Айжамалдың сөресіне сән беріп тұр.
Айжамал Жаңбыршина, кондитер
Гастрофестивальдар кәсіпкерлер үшін өте үлкен мүмкіндік. Өйткені, өнімдерімізді ұсынамыз. Одан соң халықтың пікірін біле аламыз.