"Аңсаған сәби " бағдарламасы бойынша 7 мың квота бөлінбек

401
19.05.2022 05:56

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл 7 мың грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Сондай ақ, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері де кеңейген. Ведомства басшысы сәбилерді туа біткен әртүрлі аурулардан емдеу  үшін медициналық ұйымдарға арнайы аппараттар, аутизмге арналған түрлі скринингтік тесттер жеткізілетінін айтты.  Аталған бағдарлама арқылы сәуір айына дейін 1307 бала дүниеге келіп, 3063 әйел жүкті болды.