Түркістан облысында 300-ден астам адамды кене шаққан

300
19.05.2022 05:54

Шымкентте конго-қырым қызбасымен бір науқас жан-сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Ол Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр, дейді. Қазір онымен қарым-қатынаста болған 15 адам оқшауланып, бақылауға алынды. Оның тоғызы медицина қызметкері. Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 318 адамды кене шаққан. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.