Шымкентте жол апатынан 1 адам қаза тапты

176
19.05.2022 05:53

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болып, 1 адам көз жұмды. Тағы  5 тұрғын жарақат алған. Оқиға 17 мамырда сағат кешкі 9 шамасында Республика даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында болған. Екі жүргізуші және "Mercedes Benz " көлігінің үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Олардың арасындағы бір әйел есін жимастан көз жұмды.