Анкара губеранторы Түркістанға іс-сапармен келді

404
18.05.2022 05:38

Түркістан облысына Анкараның губернаторы Васип Шахин жұмыс сапарымен келді. Бауырлас елдің бас өлкесінен келген мәртебелі мейманмен аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев кездесіп, екіжақты байланыстарды талқылады. Кездесуде қоғамның сан саласы бойынша әріптестікті нығайту сөз болды. Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихы тереңде екеніне тоқталып, алдағы даму жоспарымен бөлісті. Ал Анкара губернаторы Васип Шахин көне шаһардың қысқа уақытта өзгеріп, құрылысы дамыған қалаға айналғанына ризашылығын білдірді. Кездесу соңында түркиялық мейманға естелік сыйлық тапсырылып, құрмет көрсетілді.