Текелідегі табиғи апаттың алдын-ала себебі аталды

323
18.05.2022 05:19

Текелідегі қайғылы оқиғаға толассыз жауын және бір көше жоғарыда орналасқан су құбырының жарылуы себеп болған. Лай көшкінінен 5 үй зақымдалып, 5 жасар бала қайтыс болған еді. Қазір оқиға орнында табиғи апаттан келген залалды есептейтін арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Апаттан кейін аумақты реттеу, тазалау жұмыстары бір тәулікке жалғасқан. Оған  әскерилер, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен кәсіпорын қызметкерлері жұмылдырылған.