Түркістан-Ащысай жолының тозығы жетті

345
18.05.2022 05:16

Түркістан облысын Теріскеймен жалғайтын жалғыз тас жолдың жыры бітер емес. Орталық пен Созақты байланыстыратын облыстық маңызы бар жолды жөндеу 2 жыл бұрын ғана басталған. Асфальттың сыртқы қабаты қырылып, жүргізушілер қатынайтын айналма жол да салынған. Алайда мердігер жұмысты жарты жолдан тастап кетті. Жөндеу жұмыстарының тоқтап қалуына не себеп? Көлік жүргузішілер не дейді? Алтынбек Әмит анықтап көрді.