Білім ордаларындағы қауіпсіздік басты назарда

267
17.05.2022 04:55

Білім ордаларындағы қауіпсіздік басты назарда. Осыған орай Түркістан қаласындағы террористік тұрғыдан осал обьектілердің қорғалуын ұйымдастыру бойынша іс-шара өтті. Оған аймақтағы терроризмге қарсы комиссия мүшесі мен төтенше жағдай департаменті және қалалық полиция басқармасының өкілдері қатысып, түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Лаңкестерге тап болғанда нені білген жөн, қандай әрекет жасау қажет деген сынды сауалдарға жауап берілді. Айта кетсек, бүгінде Түркістан қаласында 235 осал обьекті бекітілген.