Көкпаршылар көшедегі көліктерді қиратып кетті

458
17.05.2022 04:54

Көкпаршылар көшедегі көліктерді қиратып кетті. Оқиға Алматы облысының Қаскелең қаласында болған. Заңсыз ұйымдастырылған көкпардың видеосы әлеуметтік желіде тарады.  Автордың айтуынша, «Аттар тұяқтарымен көлік темірін майыстырып, сызат қалдырған. Тіпті, куәгерлерге телефонға түсіруге тыйым салып, қорқытқан көрінеді. Дегенмен, көлігіне зақым келген 34 жастағы ер адам аудандық полицияға арызданған. Құзырлы орган өкілдері көкпардың аудандық және қалалық биліктің рұқсатынсыз өткенін растады. Сондай-ақ, ойынды ұйымдастырушы мен қатысушылары заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтты.