Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадацияланады

674
17.05.2022 04:51

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадицияланады. Бұл туралы оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді. Құқық қорғаушы қазақстандық әйелмен бір мезгілде ресейлік Мария Дапирка да осындай жағдайға тап болғанын атап өтті. Осы жылы қыздардың отанына оралуына мүмкіндік туған. Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу қаласының (ҚХР) әуежайында ұсталған болатын. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2020 жылғы наурызда Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін бақылауда ұстайтынын айтқан болатын.