Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті. Алайда көпшілік жарыса жазып жатқандай өзіне қол салғандықтан емес, аяғын емдету үшін жатқан. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай мәлімдеді. Сондай-ақ бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігі Ұлттық музей басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Тексерге түрткі болған Тұңғышбай Жаманқұловтың арызы.
️