Ағын суды тиімді пайдалану егін көлемін арттыруға таптырмас мүмкіндік. Түркиядан арнайы келген ауылшаруашылығы мамандары Отырар ауданының шаруаларымен арнайы кездесті. Жиында дихандар өздерін алаңдатқан сұрақтардың жауабын алып, тамшылатып суарудың технологиясымен танысты. Шет елден келген мамандардың айтуынша тамшылатып суару кезінде тыңайтқыштар мен құнарлы заттардың жоғалуы азаяды екен. Оған қоса, ойлы қырлы егін алқаптарын тегістеудің қажеті жоқ. Қайта пайдаланылаған суды қауіпсіз іске асыруға болады. Топырақ эрозяисы мен арамшөптердің өсуі тоқтайтын көрінеді. Ал, ең басты тиімділігі суарудың өзге түрлеріне қарағанда, еңбек құны аз.
️