Салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгеруі мүмкін

509
14.05.2022 03:58

Салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері хабарлады. Жаңа өзгеріс мүлкі кепілге қойылған борышкер немесе үшінші тұлғаның берешегін 6 айға дейін немесе кезең-кезеңмен төлей отырып үш жылға дейін өтеуге мүмкіндік береді.  Ал жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша шешімді салық органы қабылдайды. Төлемақыны белгіленген мерзімде өтеуге мүмкіндігі жоқтарға белгілі бір талаптарға сай ұзартады.  Ол үшін бірінші кезекте қарызы бар азамат экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға нұқсан келтірмеу керек. 1 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында салықтан жалтарып жүргендердің саны 56 процентке төмендеген. Ал жиналған салық көлемі 230 пайызға артығымен өндіріліпті. Бүгінгі таңда 320 млн теңгедей қаржы сот, жеке мүлікті сату арқылы өндірілген.