Жыл басынан бері 21 мұғалімнің мәртебесі тапталған

300
14.05.2022 03:56

Педагог мәртебесін таптағандар көбейген. Жыл басынан бері осындай 21 шағым түсіпті.  Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша, арызданғандардың жартысы ғана өз мәселесінің шешімін тапқан. Департамент тарапынан 12 әкімшілік іс қаралған. Көбіне мұғалімді балағаттап, құрметтемеу дерегі тіркелген. Сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта ұстаздарды еңбекке жегу де бар. Тіпті желілік маркетингке кіргізіп, заттарды сатып алуға мәжбүрлеген жағдайларда кездеседі.