Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері екі есеге артады

280
13.05.2022 04:29

13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы аптасына 63 рейске артады. Бұл туралы Қазақстан мен Түркия президенттерінің Анкарада өткен шағын құрамдағы кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Сәйкесінше, екі  ел арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін өсетін болады. Бұған дейін екі жақты келісімге сәйкес аптасына 61 жолаушылар рейсі қатынап келген.  Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен арқылы іске асырылады.