Кәсіпкерліктің үлесі бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Себебі шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Олардың саны 147 мыңнан асты. Былтыр пандемияға қарамастан кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға артқан. Ал өндірілген өнім көлемі 47 пайызға ұлғайды. Бұл 1,2 трлн теңгеге жетіп отыр. Сондай ақ, шағын және орта бизнестің экономикалық үлесі 26 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 4 жылдық есеппен алғанда асыра орындалғанның дәлелі. Бұдан өзге, аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы. Оның негізгі мақсаты ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау. Бағдарлама аясында 16 стартап жобаларға менторлар қолдау көрсетті. Аталған бағдарлама алдағы уақытта жалғасын таппақ.
️