Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде өңірде теңдесі жоқ жаңа емхананың құрылысы басталды. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен бой көтеріп жатқан емханасының жалпы жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңге. Күні бүгінге дейін ауылда бір қабатты емхана тұрғындарға қызмет көрсетіп келген еді. Енді оның аумағы кеңейіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуда. Мәселен, жаңа емханаға облыс бойынша тек Түркістан қалалық ауруханасында бар құны 80 млн теңге тұратын маммографиялық аппарат жеткізілмек. Кеңейтілген кешеннің жалпы аумағы 4 600 шаршы метрді құрайды. Емхана 150 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.
️