Түркістанда ескек есу базасына сынақтан өткізу үшін су жіберіле бастады

629
12.05.2022 04:49

Түркістанда ескек есу базасын сынақтан өткізу үшін су жіберілді. Осы арқылы мамандар каналды толық сараптап, кем-кетіктері болса, толықтыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда су арнасының беткейлерін бетондау жұмыстары аяқталып келеді. Арнайы құбырлары мен арықтары орнатылды. Қазір 250 мың текше метр су жиналған. Есу каналы өңірде су спортын дамытып қана қоймай, туризмнің гүлденуіне де үлес қосады. Сондай-ақ,  қаланы көгалдандыру, атмфосферасын өзгертуде де оның маңызы зор.