Қазығұртта тасқыннан зардап шеккен ауылдарға еріктілер көмектесуде

234
12.05.2022 04:46

Түркістан облысында тасқын судың ортасында қалған ауылдарды тазартуға еріктілер атсалысып жатыр. Жүзден астам жас табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен халыққа алғашқы күннен бастап қолұшын созған. Бұл жолы олар Шарбұлақ ауылындағы 30 үйдің ауласы мен 15 үйдің қорасын лайдан тазартты.