Ресей мен Украина арасындағы жағдай Қазақстанның фармнарығына әсер етеді

432
12.05.2022 04:42

Ресей мен Украина арасындағы жағдай Қазақстанның фармнарығына да қатты әсер етуі мүмкін. Өйткені еліміз дәрі-дәрмектің импортына тәуелді. Фармацевтикалық өнімдерді әсіресе Ресей, Белорусь, Украинадан сатып алушы едік. Айталық былтыр 1,1 мрлд долларға шетелден 21 мың 700 тонна дәрі- дәрмек импорталса, соның үштен бірі, яғни 7600 тоннасы Ресейден әкелінген.  Ал  Укринадан 22 млн долларға 879 тонна, 13,3 млн долларға Белорусьтан  863 тонна медикамент алынған. Әзірге тапшылық пен қымбатшылық қатты білінбейді. Дегенмен қаңтар айында дәрі- дәрмек бағасы 3,3 пайызға көтерілді дейді сарапшылар. Айта кетейік, Қазақстанға Ресей, Белорусь, Украинадан бөлек, Үндістан, Қытай және Германия дәрі-дәрмек жеткізеді.